{metadescription}
Елдос Сметов Будапештегі Гран-при турнирінде алтын алды

Елдос Сметов Будапештегі Гран-при турнирінде алтын алды

Қазақстандық Елдос Сметов Будапеште дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды.

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов (-60 кг) пен Елдос Жұмақанов (-66 кг) финалға дейін қарсылас шақ келтірген жоқ. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Е.Сметов жартылай финалда Нидерланды елінің Торнике Цжакадоеаны ұтты. Ал Е.Жұмақанов испаниялық Гайтеро Мартин Альбертоны уақытынан бұрын, таза жеңді.

Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті.  Ал, Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуінде жеңіліс тапты. 

Аталмыш додаға әлемнің 82 елінен 550-ге жуық дзюдошы қатысуда. Қазақстаннан 16 спортшы барса, соның 12-сі - ерлер. Әйелдер арасында қазақстандықтар Анна Казюлина (-52 кг) мен Севара Нишанбаева (-57 кг) жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде