{metadescription}
Алтынбек Қайсағалиев Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алтынбек Қайсағалиев Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Астана әкімдігінің аппараттық кеңесінде Алтай Көлгінов жаңа кадрлық өзгерістер туралы айтты.

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты қала әкімінің орынбасары Арман Турлубек қызметінен босатылды. Сондай-ақ, елорда әкімі Данияр Есинді Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Бұдан бұрын ол Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасының басшысы болды.

Нұр-Сұлтан басшысының өкімімен Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол салынып бітпеген тұрғын үйлер үлескерлерінің проблемасы, елорданы абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және қар күреу мәселелерімен айналысатын болады. Сондай-ақ коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдарының құрылысы мен инфрақұрылымы және қоршаған ортаны қорғау да жаңа орынбасардың қарауында болмақ.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде