{metadescription}
Павлодар облысында полицей суға кеткен 4 студентті құтқарды

Павлодар облысында полицей суға кеткен 4 студентті құтқарды

Орталық жағажайда суға батып кете жаздаған аудандық аграрлық-техникалық колледждің студенттеріне полиция аға лейтенанты Ғалымбек Жұмабаев дер кезінде көмек көрсете білді.

Бұл туралы Аққулы ауданы ішкі саясат бөлімінің маманы Аманжол Еренұлы мәлім етті.

«Ғалымбек Жұмабаев отбасымен бірге жағажайға демалуға барған, - дейді Аманжол Еренұлы. – Сол кезде І, ІІ курс студенттерінің жағада серуендеп жүргенін көзі шалып қалған. Тәртіп сақшысы енді бір қараған сәтте олардың суға батып бара жатқанын көріп қалып, дереу әрекетке кіріскен».

Полиция қызметкері алдымен алысқа кетіп қалған қыз баланы жағаға шығарып алып, соңынан дереу үш ұлға көмек көрсетуге асыққан. Жастарға медициналық қызмет көрсеткен. Студенттер естерін жиғаннан кейін мұндай серуеннің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп, үйлеріне жіберген.  Ғалымбек Жұмабаев ішкі істер органында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. 

Дереккөз: pavlodarnews.kz 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде