{metadescription}
Тоқаев қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

Тоқаев қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа Арыстағы жарылысқа байланысты қатаң сөгіс жариялады.

Бұл туралы Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті.

"Қазір біз әскери ведомствоның жүйелі кемшіліктері мен бақылауының әлсіреуі салдарымен күресіп жатырмыз. Сіз Қорғаныс министрлігі жүйесінде салыстырмалы түрде жаңа адамсыз, бірақ істің жағдайы үшін толық жауап бересіз. Мен Жоғарғы басқолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігіндегі істер жағдайына қанағаттанбаймын, сондықтан Сізге қатаң сөгіс жариялаймын", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазіргі кезде арнайы тергеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде президент әкімшілігі мен қауіпсіздік кеңесіне кінәлі азаматтарды жазалау туралы ұсыныстар енгізілетін болады.

"Бұл жұмысты 10 тамызға дейін шұғыл жасау қажет. Барлық кінәлі азаматтар жауапқа тартылуы қажет. Арсеналға жақын жер берген мемлекеттік қызметкерлер де жауапқа тартылуы керек",- деді Тоқаев.

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде