{metadescription}
Алакөлге бара жатқан жолаушылар автобусы аударылды

Алакөлге бара жатқан жолаушылар автобусы аударылды

Бүгін Алматыдан Алакөл көліне демалушыларды жеткізбек болған автобус аударылды.

Көлік ішінде 47 жолаушы болған.

«Жол-көлік оқиғасы Алматы-Өскемен тас жолының 462 шақырымында тіркелді. Автобустың ішінде 47 адам болған. Үш адамға медициналық көмек қажет болды. Сол себепті, екі ер адам мен бір әйел Сарқан қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабының 2-тармағына сәйкес сот алды тергеу басталды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, автобус Алматы облысының Көктұма ауылындағы алакөл жағалауына демалушыларды жеткізбек болған. Полицейлердің мәліметінше, жолаушылар ары қарай сапарларын жалғастырған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.