{metadescription}
Ғимарат опырыла құлап, 13 адам ажал құшты

Ғимарат опырыла құлап, 13 адам ажал құшты

Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында көпқабатты ғимарат құлап, 13 адамадамды басып қалды.

Бұл туралы дүйсенбі күні NDTV телеарнасы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлайды. Құтқару операциясы барысында үйінділердің астынан 17 адам құтқарылды. Олардың бесеуі – әскери қызметкер. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ғимарат толассыз жауған жаңбырдың салдарынан құлаған болуы ықтимал. Штат басшысы Джэй Рам Тхакурдың айтуынша, ғимараттың құрылысы техникалық талаптарға сәйкес болмаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.