{metadescription}
Алматыда метро жұмысын тоқтатты

Алматыда метро жұмысын тоқтатты

Алматыда электр энергиясының оқтын-оқтын үзілуіне байланысты метро жұмысын уақытша тоқтатты.

«Метрополитен» МКК хабарлағандай, қаладағы электр қуаты мәселесі реттелген соң ғана жолаушылар пойыздарға кіреді.

«Вагондарда қазір ешкім жоқ. Оқыс жағдай болмас үшін метрода жолаушыларды тасымалдау тоқтатылды. Метро тек электр энергиясы іске қосылған соң ғана толық істейді», - деді «Метрополитен» МКК баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, бүгін сағат 14:14-де «Алматыэнергосбыт» АҚ ЖЭС-2 стансасында ақау шықты. Соның кесірінен қаланың көп бөлігі электр қуатынсыз қалды

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде