{metadescription}
Шымкентте телефонын қуаттамақ болған азамат көз жұмды

Шымкентте телефонын қуаттамақ болған азамат көз жұмды

23 жастағы Шымкент тұрғынын телефонның қуаттағышынан тоқ ұрып, қайтыс болды.

«1996 жылы туған ер адам телефон қуаттағышын тоқтан шығару кезінде тоқ соғып, оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарланды Төтенше жағдайлар департаментінен. 

2018 жылы Шымкентте осындай жағдаймен төрт адам көз жұмған, оның екеуі - 14 және 9 жастағы балалар. Шымкент қаласындағы Төтенше жағдайлар департаменті, телефон қуаттағышын тоққа қойғанда абай болуды ескертеді.

«Көбіне иммунитеті әлсіз, тершең адамдар ток соққанда бірден тіл тартпай кетеді. Адамды тоқ ұрған уақытта оған көмектесемін деп жалаң қолмен бас салмау керек, тоқ өтпейтін құрғақ матамен ұстаған жөн», - делінеді төтеншеліктердің кеңесінде.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде