{metadescription}
Алматы облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

Алматы облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

Алматы облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам мерт болып, тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолының 40-шы шақырымында болған.

«Жол көлік оқиғасы «Тойота Хайландер» және «Лада 21014» көліктерінің соқтығысуы салдарынан болған. Төрт адам әртүрлі жарақатпен Есік ауруханасына жеткізіліп, тағы үш адам көз жұмды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, аталған фактіні облыстық Полиция департаментіндегі тергеу басқармасы жүргізеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде