{metadescription}
Қостанайда адам өлтіргендер бейнетаспаға түсіп қалған

Қостанайда адам өлтіргендер бейнетаспаға түсіп қалған

Оқыс оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келіп жеткен.

Қостанайда төбелес болып, бір адам көз жұмды. Қанды оқиға көшедегі бейнебақылау таспасына түсіп қалған. Бұл оқиғаға қатысты Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz. Полициядағылар 14 шілдеде шамамен таңғы сағат 6-да Қостанай қаласы полиция бөлімшесіне қоңырау келіп түскенін, 7-ші ықшам аудандағы дүкен алдында төбелес боп жатқанын біреу хабарлағанын айтады.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, мән-жайды анықтаған. Сөйтсе дүкенге келген екі ер адам дүрдараз боп, өзара сөзге келіп қалған. Оның арты төбелеске ұласып, біреуі пышақпен жараланған. Оқыс оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келіп жеткен. Алайда 34 жастағы жәбірленуші ауруханаға жетпей, көз жұмды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 1-тарауы бойынша, яғни "Қасақана кісі өлтіру" бабымен сотқа дейінгі алдын-ала тергеу жұмыстары қолға алынды. Сараптама тағайындалды", - дейді полициядағылар.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде