{metadescription}
Баянауыл ұлттық паркінде орман өртеніп жатыр

Баянауыл ұлттық паркінде орман өртеніп жатыр

Аудан орталығынан он шақырым жерде тоғыз гектардан астам аумақ отқа оранды.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өрт 14 шілдеде басталды.

«№ 83 2,5 га учаскеде сағат 19:25-те ауыздықталды, яғни от сөндірілді, бірақ түтін қалды. Сол жерде көрші № 73 учаскеде тоғыз гектарда 22:12-де қызыл жалын ауыздықталды. Кеше түстен кейін № 73 учаскеде өрт шықты. Бұл таулы орманды жерлер, - деп хабарлады Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ТЖ бас инспекторы Саят Қабдиев.

Саят Қабдиев айтып өткендей, әзірге өрт алаңы мен оның себептері туралы нақты ақпарат жоқ.

«Бұл Баянауыл ауылынан он шақырым жерде орналасқан. Жасыбайдағы демалыс аймақтарынан отпен қамтылған аумақты Сабындыкөл көлі, таулар, жолдар бөледі, бұл шамамен 25 км. Өртті сөндіру жөніндегі штаб өрттен бір шақырым жерде орналасқан. Өрт сөндіруге 78 адам мен 20-ға жуық арнайы техника қатысады. Аудан әкімдігі адамдар, техника, жанармай беріп көмектесуде», - деді С.Қабдиев.

Бүгін сағат 11:10-да екі Ми-8 тікұшағы жұмыс істей бастады, біреуі аумақты патрульдейді, екіншісі 2,5 мың текше сумен өрт сөндіреді. Өрт орнында Баянауыл мемлекеттік табиғи паркінің, аудандық әкімдіктің, облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері бар.

Дереккөз: pavlodarnews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде