{metadescription}
Алматы облысында жоғалған ер адам өлі табылды

Алматы облысында жоғалған ер адам өлі табылды

Алматы облысында бес күн бұрын жоғалған 34 жастағы ер адам өлі күйінде табылды.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілде күні ер адамның жоғалғанын құқық қорғау органдарына оның 33 жастағы әйелі хабарлаған. Ол Алматы облысындағы елді-мекендердің біріне кеткен жұбайының қайтып оралмағанын айтқан.

«Жоғалудың барлық мәліметтерін анықтап, көшедегі бейнебақылау камераларын қарап шығып, оны іздеуге көмек көрсете алатын куәгерлерді іздеп, жауап алды. Нәтижесінде екі адам ұсталды. Олар жоғалған адамның әріптестері болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды»,-деді департаментінің баспасөз қызметінен.

Мәйіті Алматыдан жүз километрден астам қашықтықтағы Үлкен Алматы каналының арнасынан табылды. Марқұмның мәйіті жасырылған жерді күдіктілердің бірі көрсетті. Жедел қызметкерлер сондай-ақ қылмыс жасалған жерді және марқұмның мәйіт әкелінген автокөлікті тапты.  Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.