{metadescription}
Түркістан облысында имамды отбасының көзінше сабап кеткен

Түркістан облысында имамды отбасының көзінше сабап кеткен

Түркістан облысында мешіт имамын отбасының көзінше ұрып-соғып кеткен.

Бұл туралы Ильяс Бурханов есімді әлеуметтік желі қолданушысы Facebook-парақшасында хабарлады. 

"1990-шы жылғы күш көрсету әлі қалмапты. Мына видеодағы біздің ауылдың имамы. Үйіне кіріп, бала-шағасының көзінше ұрып кетіпті. Әйелінің айтуынша, ұрып-соққан жігіттердің қолында қолында темір болған. Кастет шығар. Ажыратуға келгендерді бұзықтың екі інісі есіктің алдында кіргізбей ұстап тұрыпты. Ауыл жағасын ұстап отыр. Жәбірленуші ауруханада, ал соққыға жыққандар "тайрандап" жүр. 

Онымен қоса "өлтіріп тастайм, бала-шағаң жетім қалады, маған десең әкім-генерал-менералыңды да алып кел" деген сөздермен қорқытқан. 
Істі соңына дейін жіті қадағалап, лайықты жазасын алуды сұраймыз.  Бұны заңды түрде жазасын беріп тоқтатпасақ, күш көрсетуді жақсы көретіндер көбейеді", - деп жазды Ильяс Бурханов өзінің фейсбук парақшасына. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде