{metadescription}
Әйел ұсақталып қалған ақшасын бір ай бойы жабыстырған

Әйел ұсақталып қалған ақшасын бір ай бойы жабыстырған

Оңтүстік Корея тұрғыны аңдаусызда біршама ақшасын шредерге салып жіберіп, кескілеп тастаған.

Алайда ол ақшаны қайта жабыстырып, банкте алмастырып алды. 2 маусымда әйел ішінде 50 мың вондық 11 банкнотты (178 мың теңгеден аса) болған конвертті аңдаусызда кеңселік шредерге салып жіберген. Ол өз әрекетін түсінген кезде кеш болған екен. 

Мұнан кейін әйел интернет қолданушыларынан көмек сұраған. Қолданушылар оған банк кемінде 80 пайызы тұтас банкнотты қабылдайтынын айтыпты. Осылайша, әйел бір ай бойы бос уақытында бөлшектелген қағаз ақшаларды жабыстырыпты. Оған күйеуі мен қызы көмектескен.

Банк ұсақ бөлшектерден құрастырылған ақшаны қабылдап, оларды жаңасына алмастырып берді. Өз кезегінде басшысы әйелдің табандылығына тәнті болып, ынталандыру ретінде түскі ас алып берген.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде