{metadescription}
Елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 18-20 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады.

Алдағы күндері елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет»

"Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар арқылы (5 км биіктікте) республиканың оңтүстік облыстарына Ираннан ыстық ауа массалары келіп түседі және ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша (алдағы үш тәулікте ештеңе өзгермейді), республиканың оңтүстік облыстарында 35-40, кей жерлерде 45°С қатты ыстық сақталады", - делінген хабарламада. 

Ал еліміздің солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғалды ауа түсе бастауының әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ыстық басылады деп күтіледі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде