{metadescription}
Кәсіподақ төрағасы Ерлан Балтабай 7 жылға сотталды

Кәсіподақ төрағасы Ерлан Балтабай 7 жылға сотталды

Бүгін, 17 шілдеде Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты «Лайықты еңбек» кәсіподағы мен отын-энергетика кешенінің салалық кәсіподақ төрағасы Ерлан Балтабайды жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Судья Айнель Орақбаева Ерлан Балтабайды "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы (189-бап) бойынша кінәлі деп таныды. Үкімге сәйкес ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзеу мекемесінде өтейді.

Кәсіподақ төрағасы үкіммен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін айтты. Судьяның үкім бойынша түсіндірмесін тыңдаудан бас тартқаннан соң полицейлер оны сот залынан қолына кісен салып алып кетті. Үкім 15 күннен кейін күшіне енеді.

Дереккөз: azattyq.org

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.