{metadescription}
Ресейден ұрланған көліктер Қазақстан шекарасында ұсталды

Ресейден ұрланған көліктер Қазақстан шекарасында ұсталды

Шекарашылар Ресейде жоғалған автокөліктерді Өзбекстанға асырмай, ел шекарасында ұстады.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлайды.

"Өткен түнде Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек авто" бөлімшесінде шекарашылар Өзбекстанға қарай өтпек болған "Тойота Rav 4" автокөлігін тексеріп, оның Ресей Федерациясында іздеуде тұрған автокөлік екенін анықталды", - деп жазылған ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Көліктің жүргізушісі 1976 жылы туған Тәжікстан азаматы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды» делінген хабарламада. Арада екі жарым сағат өткенде Өзбекстанға бет алған тағы бір «Тойота Rav 4» автокөлігі қолға түсті. Ол да Ресей аумағынан ұшты-күйлі жоғалған. Оның жүргізушісі 40 жастағы ресейлік те полиция қызметкерлеріне табысталды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.