{metadescription}
Алматыда қауіпті 4 қылмыскер ұсталды

Алматыда қауіпті 4 қылмыскер ұсталды

Алматыда полицейлер арнайы операция кезінде кәнігі қылмыскерлер тобынан граната, тапанша және пышақ тәркіледі.

Жедел ақпаратқа сүйенсек, ұсталғандар заңсыз қару-жарақ сақтап, сатумен айналысқан, деп хабарлайды қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның хабарламасында айтылғандай, ұсталғандар бұрын әйел зорлағаны үшін сотталыпты. Алматы полициясының тергеу басқармасы ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген қылмыстық істі тергеп жатыр. 

"Тәркіленген заттай айғақтарға баллистикалық және дактилоскопиялық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Ұсталғандардың айыбы дәлелденген жағдайда, олар  12 миллион 625 мың теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін немесе сондай мөлшерде түзету жұмысына салынады, я болмаса бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сонша уақыт бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде