{metadescription}
Павлодар облысында шенеунік қоластындағылармен бірге ішімдік ішкен

Павлодар облысында шенеунік қоластындағылармен бірге ішімдік ішкен

І жартыжылдықта өңірде жемқорлыққа қатысты 64 қылмыс тіркеліп, облыстық деңгейдегі сегіз басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Павлодар облысында қоластындағылармен бірге отырып ішімдік ішкен аудан әкімінің орынбасары жұмыстан қуылды. Өңірдің жемқорлықпен күрес қызметі басшысы Айдар Тастеміровтің айтуынша, орынбасардың жұмыстан қуылуына қызметтік этиканы сақтамауы себеп болып отыр. 

«Жуырда этикаға қатысты отырыс кезінде Успен ауданы әкімінің орынбасары, мемлекеттік қызметкер қоластындағылармен бірге отырып ішімдік ішкені үшін жұмыстан қуылды. Себебі, ол әкімшілік жауапкершілікті бұзып отыр», - деді Тастеміров. 

Сонымен қатар Аққулы ауданында тағы бір шенеунік қызметтік кабинетінде азаматты соққыға жыққан. Артынша кабинеттен шығып, төбелесті жалғастырған. Мұны мемлекеттік орган қызметкерлері мен үшінші тұлғалар көрген. Аталмыш іс тексеріліп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде