{metadescription}
Қызылорда тұрғыны күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған

Қызылорда тұрғыны күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған

Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру мақсатында адам жалдаған әйел қолға түсті.

Полицейлер тапсырыс бойынша адам өлтіру ісін ашты. 9 шілдеде шұғыл тергеу шарасы барысында бұрынғы күйеуін өлтірту үшін Түркістан облысының тұрғынын 20 мың долларға жалдаған 48 жастағы қызылордалық әйел ұсталды.

Ол Түркістан обылсының тұрғынын жалдап, 20 мың доллар үшін бұрынғы күйеуін өлтіруге тапсырма берген. Орындаушы бұл туралы полицияға хабар берді. 

"Тапсырыс беруші орындаушыны Шымкентке шығарып салып тұрып, күйеуінің жылжымайтын мүлкі сатылған соң ақысын беретінін айтады. Әйел алдын ала ақша төлеу барысында ұсталды. Оған қарсы ҚР қылмыстық кодексінің 24 бабы, 3 б. бойынша (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекеттену) және 99 бабы, 2-бөлігінің 8-тармағы (кісі өлтіру) бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде