{metadescription}
Жер дауы 9 адамның өлімімен аяқталды

Жер дауы 9 адамның өлімімен аяқталды

Үндістанның солтүстігіндегі елді мекендердің бірінде болған жер дауынан 9 адам өліп, кем дегенде 19 адам жараланған.

Бұл туралы PTI агенттігі жазды. Агенттіктің хабарлауынша, бірнеше жер учаскесінің кімге тиесілі екендігі нақты көрсетілмеуі үлкен даудың тууына соқтырған. Ымыраға келе алмаған Сапахи елді мекенінің ақсақалдары қастарына жақтастарын ертіп алып, ығына жығылмаған өзге ауыл тұрғындарына оқ жаудырған. Артынша, екі жақтан 100-ге жуық адам жанжалға араласып, қанды төбелес басталған.

Құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, қаза тапқандардың үшеуі – әйел. Штаттың үкіметі дауды басу үшін күшейтілген полиция жасағын жіберді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бүлік шыққан аудандағы жағдай толығымен бақылауға алынған.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.