{metadescription}
Адам келбетін анықтайтын жүйе енгізуі мүмкін

Адам келбетін анықтайтын жүйе енгізуі мүмкін

Өзбекстанның құқық қорғау органдары қытайлық Huawei компаниясымен бірлесіп адам келбетін анықтайтын жүйе енгізуге ниеттеніп жатыр.

Жергілікті басылымдардың Ташкент ішкі істер басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, ІІМ және ІІБ қытайлық компания өкілдерімен келіссөз жүргізген. Дереккөз мәліметінше, бұл жүйе "Қауіпсіз қала" жобасының негізгі элементтері болмақ. Атап айтқанда, Ташкенттің ірі 115 көшесіне жол қозғалысы ережесін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын камералар орнатылмақ. Онда адамның жүзін анықтауға болатын тетіктер іске қосылады.

Адам келбетін анықтау жүйесі Қытайда кеңінен қолданылған. Бұл жүйені сынайтындар да көп. Себебі бұл адам құқықтары мен еркіндіктерін шектейді дейді. Азаматтардың бостандығын қорғайтын америкалық одақ (ACLU) жүйелі түрде бақылау азаматтардың белсенділігін басып, мінез-құлқының өзгеруіне әкелуі мүмкін деп есептейді.

Биыл мамыр айында Сан-Франциско (АҚШ) жергілікті мекемелерге, оның ішінде полицияға адам келбетін анықтайтын жүйені пайдалануға тиым салды. Бір жағынан бұл жүйеге толық тыйым салу да полицияға күдіктілерді, із-түссіз жоғалғандарды табуға кедергі келтіреді дейді мамандар.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.