{metadescription}
Қостанай облысында 3 жасар қыз құдыққа батып кетті

Қостанай облысында 3 жасар қыз құдыққа батып кетті

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында үш жасар қыз құдықтағы суға батып кеткен.

Оқиға Тимофеевка ауылында болды. Ведомствоның мәліметінше, бала ата-ана қарауынсыз қалған, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Жеке тұрғын үй секторының ауласындағы техникалық құдықтан 2016 жылы туған қыздың денесі шығарылды. Ол сағат 13:00 барысында құдыққа құлап кеткен»,-деді

ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов. Аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тағы бір оқиға Қостанай қаласындағы «Ақ-Шаңырақ» демалыс орнында болған. Тобыл өзенін бақылап жүрген құтқарушылар қамыс арасынан 35-40 жастағы ер адамның мәйітін тапқан. Сараптама жұмыстары белгіленіп, кісі өлімінің нақты себептері анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде