{metadescription}
Павлодарда әкесі 6 жасар қызының алтын алқасын ұрлап кеткен

Павлодарда әкесі 6 жасар қызының алтын алқасын ұрлап кеткен

Павлодарда ер адам туған қызының 200 мың теңгелік алтын алқасын ұрлап алған. 

"16 шілде кешкі уақытта Айманов көшесінің бойындағы 46 үйде 40 жастағы ер адам туған қызына келген. Сосын еркіндікті пайдаланып, алты жастағы қызының 200 мың теңге тұратын алтын алқасын ұрлап алған. Одан кейін қашып кеткен", – деді Павлодар облысы полициясының баспасөз қызметі. 

Полиция мәліметінше, 1983 жылғы тағы бір павлодарлық азамат дүкенде 9 жасар қыздың 2 мың теңге ақшасын ұрлап алып, артынша ізін суытқан. 

"Екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, полиция оларды құрықтау шарасын қарастыруда", – деді полиция. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде