{metadescription}
Шымкентте прокурорға пара бермек болған әйел 7 жылға сотталды

Шымкентте прокурорға пара бермек болған әйел 7 жылға сотталды

Шымкентте прокурорға пара бермек болған күдікті сотталды.

Оған тергеу барысында жалған кәсіпкерлікпен айналысқан және жетекшілік еткен деген айып тағылған болатын. 

"К. Тукунова өзінің көлеңкелі бизнесіне прокурорлық тексерудің доғарылуы үшін Шымкент прокуратурасының басқарма басшысының орынбасарына 4 миллион теңге пара бермекші болған", - делінген хабарламада.

Антикоррупциялық қызмет мамандары жалған кәсіпорындарды құру және сол іске басшылық ету бойынша күдікті К. Тукуноваға қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын аяқтады. Әл-Фараби аудандық соты кеше айыпталушыны аталған қылмыстар бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушының мүлкі тәркіленеді. Сотталушы сондай-ақ, өмір бойына коммерциялық ұйымдарда немесе басқа да мекемелерде басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде