{metadescription}
Адамның жасын ұлғайтып көрсететін қосымша қауіпті болып шықты

Адамның жасын ұлғайтып көрсететін қосымша қауіпті болып шықты

АҚШ сенатының демократтар жетекшісі Чак Шумер  Федералды тергеу бюросының басшыларына және федералды сауда комиссиясына ресейлік FaceApp қосымшасының қауіпті екенін жеткізді.

«FaceApp адамның түрін өзгертіп, оны жас немесе кәрі етіп көрсетеді. Онымен қоса жынысты да ауыстырады. Қосымшаны пайдалану үшін, адамдар жеке суреттері мен өздері жайлы толық ақпарат беруі керек», – дейді демократ.

Сенатордың айтуынша, қосымшада пайдаланылған суреттер пайдаланушының рұқсатынсыз алынуы мүмкін. Сонықтан бұл елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

Шумер суреттің және өзің туралы мәліметтің басқа адамның қолында жүруі қаншалықты қауіпті емес, осыған көз жеткізу керектігін айтады. FaceApp – 2017 жылы жасалған ресейлік қосымша. Ол пайдаланушы қалағанындай, оның түр-әлпетін өзгертіп береді.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.