{metadescription}
Биыл  қажылыққа 3200 адам барады

Биыл қажылыққа 3200 адам барады

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нөкежанов биылғы қажылық сапарына Қазақстан азаматтарына 3200 квота берілгенін айтты.

"Биылғы қажылық маусымы 30 шілдеден басталады. 30 шілде күні қажылыққа ниет танытқан азаматтар Шымкент пен Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясына аттанады. Осы қажылыққа бару бойынша Сауд Арабиясы корольдігі тарапынан бізге 3 200 азаматқа квота берілді", - деп айтты Нөкежанов.

Оның сөзінше, азаматтарды Сауд арабиясының Fly Nus, ал Қазақстанның Scat әуе компаниясы қажылыққа апарады. Нөкежанов жыл санап қажылыққа баратын қазақстандықтардың саны артып келе жатқанын атап өтті. Мұсылмандар діни басқармасы жанынан 12 адамнан тұратын арнайы қажылық миссиясы құрылды. Оның құрамына 8 басқарма өкілі, дін істері комитетінің өкілі және 3 дәрігер кірді. Миссияның төрағасы - бас мүфтидің орынбасары Алау Әділбаев.

"1990 жылы 2019 жылдар арасында азаматтарға Сауд Арабиясы тарапынан 56635 қажылық квота бөлінген. 1990 жылы 50 квота бөлінсе, бүгінде 3200 квота бөлініп отыр", - деп сөзін түйіндеді комитет төрағасы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.