{metadescription}
Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 26 адам жараланды

Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 26 адам жараланды

Бейсенбі, 18 шілде күні Ляэне-Харью болысында рейстік автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 26 адам зардап шекті.

Хабарламаға сәйкес, жол-көлік оқиғасы сағат 13:10-да Таллин-Раннамыйза-Клоогаранна тас жолының 27-ші шақырымында Меремыйза елді мекенінің маңында орын алған. Автобус жолдың жиегінде тұрған тіркемелі жүк көлігіне соғылған, деп хабарлайды республиканың Құтқару департаменті.

Жол апатының салдарынан екі адам ауыр, ал бесеуі ауырлығы орташа жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы Солтүстік-Эстония өңірлік ауруханаға жеткізілді. Бұдан бөлек тағы да 19 адам жеңіл түрде жарақаттанған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде