{metadescription}
Алматыда өртенген үйден ерлі-зайыптылар құтқарылды

Алматыда өртенген үйден ерлі-зайыптылар құтқарылды

Алматыда «Атамекен» шағынауданында жер үй өртеніп кетті.

Сағат 22.38-де кезекші бөлімге жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Бірнеше минуттан соң оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды бір сағатта өшірді. Өрттен 1964 және 1968 жылғы ерлі-зайыптылар құтқарылды. Өрт 450 шаршы метр жерді қамтыған. 

Еске сала кетейік, Алматыда лак өнімдерін өндіретін қойма өртенген болатын. Жалынды сөндіру үшін арнайы екі түкұшақ келген. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер жалынмен жеті сағат бойы арпалысты.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.