{metadescription}
Алматыда ыстықтан асфальт балқып кетті

Алматыда ыстықтан асфальт балқып кетті

Алматы қаласының тұрғындары әлеуметтік желіге қатты ыстықтан балқып кеткен асфальттің суретін салып жатыр. 

Пост авторы әлеуметтік желідегі суреттер Тимирязев көшесінде түсірілгенін жазады. Балқыған асфальтты ойып жіберген - қоғамдық көліктердің ауыр салмағы. Онда BRT желісімен жоғары жылдамдықтағы автобустар жүреді. Асфальттің еріп кеткен айрықша суретін қала тұрғындарының бірі Twitter желісінде жариялаған. Онда ол:

"Тимирязев көшесінде асфальт еріп кетті", - деп жазған.

Ол бұл хабарламада қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты белгілеп қойған. Айта кетейік, ал Шымкентте +55 градус ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр.

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.