Сарыағашта ыстықтан еріген бағдаршамға әкімдік түсініктеме берді
Сарыағашта күннің ыстығынан бағдаршам еріді деген мәлімет жалған.
13:40 19.07.2019
Бұл туралы Сарыағаш қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
"Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы арқылы өтетін Республикалық маңызы бар А-15 "Шымкент-Жетісай" автожолы мен Қазыбек би көшесі қиылысында орналасқан бағдаршамды 17 шілде, таңғы сағат 10:30 шамасында үлкен жүк көлігі соғып бағдаршамның бір шетін сындырған. Оқиға орнына жол потрульдік полиция қызметкерлері келіп, тиісті хаттамасын толтырып бағдаршамды жөндеуге кететін шығын өндірілді. Бүгінгі таңда "Сарыағаш-Тазалық" МКК-ы тарапынан бағдаршамды жөндеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Айта кетейік, бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Сарыағаш қаласындағы ауа температурасы +55 градусқа дейін көтерілгені жазылды. Салдарынан қаладағы бағдаршамдар балқып кетті деген ақпарат тарады.