{metadescription}
Аралдан екібасты тасбақа табылды

Аралдан екібасты тасбақа табылды

Табиғатты қорғаушылар Мабул аралынанда жаңа пайда болған екібасты тасбақаны тапты.

Ғалымдар ғылыми орталықта туған 13 мың тасбақаның ішінен екібастыны алғаш кездестіргендерін айтады. Теңіз биологы Дэвид Макканн тасбақаның екі басының да сезім мүшелерінің дамығанын айтады.

«Бұл бір таңғажайып жаратылыс. Оң және сол жақтағы бастар өздігінен қызмет атқарады. Жүзгенде де екеуі кезектесіп отырады», – дейді ол.

Мұндайды жануарлар әлемінде дицефал деп атайды. Бір денеден шыққан екібасты егіздер табиғатты өте сирек кездесетін құбылыс. Жаратылысы ерекше мұндай тасбақаның күтімсіз өмір сүруі қиын. Биологтар тасбақаның бір басы терең тыныс ала алмайтынын байқады. Қазір екібасты тасбақаны арнайы кішігірім ыдыста ұстауда. Ал тасбақаның қалған балалары Мабулдағы орталықта қалады. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.