{metadescription}
КСРО халық әртісі ауыр хәлде ауруханада жатыр

КСРО халық әртісі ауыр хәлде ауруханада жатыр

КСРО халық әртісі, ресейлік актриса Инна Чурикова театрда қойылым кезінде сахнадан құлап, ауруханадан бір-ақ шықты.

Ол Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, актрисаның қабырғасы сынған. Ал бұған дейін "Ленком" театрының директоры жедел жәрдем дәрігерлерінің Чурикованың өміріне қауіпті жарақат анықтамағанын хабарлаған еді.

Айта кетсек, актриса қойылымның соңында күтпеген жерден сахнадан құлап түскен. Көрермендер Чуриковаға сахнаға көтерілетін баспалдаққа дейін баруға көмектескен. Ал сахнаның сыртына оны көтеріп алып кетеді. Оқыс жағдайға байланысты қойылымды тоқтатуға тура келген. Инна Чурикова 1943 жылы Башқұрстандағы Белебай қаласында дүниеге келген. Щепкин атындағы Жоғарғы театр училищесін бітіреді.

Чурикова 1984 жылы Берлин кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі" аталымында "Военно-полевой роман" фильмі үшін жүлде алады. Актриса "Морозко", "Тот самый Мюнхгаузен", "Идиот", "Васса", "Любовь Яровая" және "Ширли-мырли" фильмдеріндегі рөлі арқылы танымал болды. 1991 жылы Чуркина КСРО халық әртісі атағын алған. 

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.