{metadescription}
Қостанайда шағын автобус трактормен соғысып, 10 адам жапа шекті

Қостанайда шағын автобус трактормен соғысып, 10 адам жапа шекті

Қостанай облысында болған жол апатынан 10 адам зардап шекті.

Оқыс оқиға «Алматы-Екатеринбург» күре жолында болған, деп хабарлайды тілшісі Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«19 шілде күні түнгі 3 шамасында «Алматы-Екатеринбург» автожолында «Мерседес» автомашинасын басқарған 65 жастағы жүргізуші Қостанайға келе жатып, 584-шақырымда осы бағытта келе жатқан «МТЗ-80» тракторымен соқтығысып кеткен», - деп мәлімдеді полиция.

Оқыс оқиға салдарынан 10 адам жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Осы оқиғаға байланысты тергеп-тексеру басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде