{metadescription}
Қазақстандық дәрігер адам ағзаларын заңсыз алып келген

Қазақстандық дәрігер адам ағзаларын заңсыз алып келген

Қазақстандық танымал транплантолог дәрігер Ғани Құттымұратов қамауға алынды.

Қазіргі уақытта Ғани Құттымұратов тұтқындалған. Үдербаевтың сөзіне қарағанда, трансплантолог дәрігердің қамауда отырғанына шамамен 3 ай болған. Қылмыстық іс ІІМ тергеу департаментінің өндірісінде, ол істі тергеу үшін ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды.

"Тергеу барысында ағзаны заңсыз трансплантациялауға трансплантолог Г.М. Құттымұратовтың қатысы бары анықталды. Осы жылдың мамыр айында ол қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 116-бабы, 3-бөлімі (екі немесе одан да көп адамға қатысты адам терісі мен органдарын заңсыз жолмен алу немесе алуға мәжбүрлеу) , 264-бабы, 2-бөлімімен (трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық ұйымға қатысу) бағаланды. Тергеуші судья күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қабылдады", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Ғани Құттымұратов – медицина ғылымдарының PhD докторы, 2005-2008 жылдардағы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. 2011-2013 жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы болған. Ол – жоғары санаттағы трансплантолог дәрігер.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде