{metadescription}
Пиццаға тапсырыс берген ерлі-зайыпты күтпеген жерден миллионер атанды

Пиццаға тапсырыс берген ерлі-зайыпты күтпеген жерден миллионер атанды

АҚШ-тың Вирджиния штатында ерлі-зайыпты пиццаға тапсырыс беріп, уақыт өткізу үшін лотерея билетін сатып алған.

Осылайша, олар күтпеген жерден 1 миллион доллар (384 млн 300 мың теңгеден аса) ұтып алған. Мэри Хит пен Джеймс Бранк пиццаға тапсырып берген. Артынша оның қанша уақытта дайын болатынын біліп, дүкенге бас сұғыпты. Олар бағын сынап көрмек болып, лотерея билетін сатып алуды ұйғарады. Мұнан кейін ойын нәтижесін тексерген олар миллионер атанғанын біліпті.

«Күйеуім ұтыстан бір апта бұрын: «Көресің, бұл билет үлкен ұтыс алып келеді», - деді. Расымен де солай болды», - дейді Хит.

Ендігі ерлі-зайыпты ұтқан ақшасын қарыздарын жауып, үй сатып алуға жұмсамақ.

Дереккөз: Stan.kz 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде