{metadescription}
Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде ыстық болады

Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде ыстық болады

Қазақстанның басым бөлігінің кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталып, найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі.

Тек батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін, солтүстіктің кей жерлерінде дауыл күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жауы ықтимал.

Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, кей жерлерінде Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, кей жерлерде Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде