{metadescription}
Қызылордада студент қыз таныстарының атынан несие алған

Қызылордада студент қыз таныстарының атынан несие алған

Жас қыз мұндай екі алаяқтық әрекетке барған.

Қызылордада таныстарының атынан кредит алған студент қыз сотталды. Жас қыз мұндай екі алаяқтық әрекетке барған. Алғашқысы биылғы жылдың ақпан айында болды.

Оңай жерден олжа іздеген қыз танысынан ақша аударып алайын деген желеумен жеке куәлігі мен банкомат карточкасын сұрап алады. Нәтижесінде несие беретін серіктестіктің бірінен 30, екіншісінен 40 мың теңге несие рәсімдейді. 

Осылайша екі мәрте алаяқтық жолмен несие рәсімдеген ол сот алдында жауап беруге тура келді. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен ол үш жылға сотталды. Сондай-ақ, оған жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу міндеттелді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде