{metadescription}
Қостанайда мас күйінде көлік жүргізген ауыл әкімі жазаланды

Қостанайда мас күйінде көлік жүргізген ауыл әкімі жазаланды

Ауыл әкімі мас күйінше көлікке отырғаны үшін қатаң сөгіс алуы мүмкін.

Бұл жағдай Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Аталмыш дерек мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқық бұзу фактілерін мониторингтеу кезінде анықталды. Бұл жолы Федоров ауданы Новошумное ауылының әкімі Болат Бақытжанов назарға ілікті.

Болат Бақытжанов аудан орталығында досының туған күніне барып, екі бөтелке сыра ішкен. Түнде анасы қоңырау соғып, әкесінің денсаулығы нашарлағанын хабарлапты. Әкім рөлге отырып, Затобольск ауылына шыққан.

"Кінәмді толықтай мойындаймын, өкінемін. Бұл менің жеке көлігім болатын. Оқиға демалыс күні болды",- деді сотта ауыл әкімі. 

Әдеп кеңесінің мүшелері аудан әкімінің Бақытжановты жақсы жағынан сипаттағанын ескере келе, оған мемлекеттік қызмет этикасын бұзғаны үшін қатаң сөгіс беруді ұсынды. Бұған дейін Бақытжанов екі рет тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.