{metadescription}
Енесін пышақтап өлтірген ер адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Енесін пышақтап өлтірген ер адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Күдікті милицияға өзі қоңырау шалған.

Қырғызстанның Ош облысында ер адам өзінің енесін пышақтап өлтірді. Алайда ол қылмысты қалай жасағанын өзі де білмейтінін айтты. Ер адам он екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Трагедия өткен жылдың күзінде болған. 31 жастағы ер адам мас болып, енесімен сөзге келіп қалған. Ашуға беріліп, әйелді бірнеше рет пышақтады.Әйел ауруханаға барар жолда көз жұмды. Күдікті өзінің кінәсін мойындады, бірақ оқиғаның қалай болғанын білмейтінін айтты.

"Енем оның үйіне не үшін келгенімді сұрады. Қызы менімен тұрмайтынын айтып, ұрысты. Мен ол жаққа жаман оймен барған жоқпын. Қолыма пышақтың қалай түскенін өзім де білмеймін. Далаға шықсам, қолым қан-қан. Милиция шақырдым... Енем бізбен бірге тұрғанда үнемі маған тіл тигізетін. Психологиялық тұрғыда ол кісінің айтқанын тыңдау қиын болды", - деді ер адам.

Оның еш жерде жұмыс істеймейтіні анықталған. Әйелі екеуінің үш баласы бар.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде