{metadescription}
Шымкентте үш жасар қыз өлі табылды

Шымкентте үш жасар қыз өлі табылды

Шымкентте Застенная ауданында үш жасар қыздың денесі табылды. 

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Шымкентте ескі гараждардың бірінен үш жасар қыздың денесі табылды. Полиция болған оқиғаны растады.

22 шілдеде Шымкентте жастарға арналған тұрғын үй комплекстерінің жанынан үш жасар қыздың мәйіті табылды. Көршілердің сөзінше, қыз бала анасымен бірге оқиға орын алған жерден 500 метр жерде орналасқан жатақханада тұрған. Жергілікті тұрғын Халипа Қадированың сөзіне сенсек, ол қыздың анасынан баланың көшеде неліктен қараусыз қалғанын сұраған екен. Анасы жауап ретінде оған ол кезде жұмыста болғанын, оқиғадан кейін төбесінен жай түскендей абдырап қалғанын айтады. 

Кішкентай баланың туысқаны Айжарқын Айтбаева марқұмның үйіне сағат үштің кезінде келіп, үш жасар қыздың баспанада жоқ екенін байқайды. Уайымға салынған ол қызды екі сағат бойы іздеп, таппаған соң, бөлімшелік полицияның көмегіне жүгініпті. Сосын ол баланы полиция қызметкерімен бірге іздеп, баланың денесін иесіз қалған гараждардың бірінен тапқан екен. 

Туысқанның сөзінше, үш жасар қыздың беті көгеріп кеткен, іш киімі болмаған. Қазіргі уақытта баланың қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталып жатыр. Оны біреу өлтіріп кеткен деген күдік бар. Күдіктілер мен куәгер болуы мүмкін адамдар полция бөлімшесіне жеткізілуде.

Оқиға орнына келген әкесі сәбидің денесін үйіне алып кетеді. Сол жерде криминалистер мәйітті сараптамаға жөнелткен. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілер мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде