{metadescription}
Жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тауып, 9-ы жарақат алды

Жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тауып, 9-ы жарақат алды

Оңтүстік Кореяда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тауып, 9-ы жарақат алды.

Дүйсенбі күні таңертең Корея Республикасының солтүстік-шығысындағы Канвондо провинциясында 16 жолаушысы бар фургон аударылды. Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы тоғыз жолаушы жарақат алып ауруханаға жеткізілген, оның үшеуі хал үстінде жатыр.

Жол апаты 7:33-те Самчхок қаласында болған. Полицияның мәлімдеуінше, 16 жолаушының ішіндегі жетеуі шетелдіктер болған, қазір соның үшеуінің қайда екені белгісіз. Полицейлердің сөзіне қарағанда, жолаушылар егіс танаптарында жұмыс істеуге бара жатқан, деп жазады ҚазАқпарат. Қазір апат салдары тексеріліп, жол ережесі бұзылған-бұзылмағаны анықталып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде