{metadescription}
Қазақстан президенті демалысқа шықты

Қазақстан президенті демалысқа шықты

Президент демалысын Қазақстан аумағында өткізеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қысқамерзімді демалысқа шықты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22 шілдеден бастап төрт күнге демалысқа шықты. Президент демалыс күндерін Қазақстан аумағында өткізетін болады», - деп жазды ол.

Атап өтсек, бұл - Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент лауазымындағы алғашқы демалысы.

Еске сала кетейік, Тоқаев екі лауазымды шенеунікті қызметінен босатты.

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде