{metadescription}
Президент жаңа көмекшісін тағайындады

Президент жаңа көмекшісін тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Аида Балаеваены жаңа қызметке тағайындады.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада. 

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "заңгер" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.

Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, астанадағы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың желтоқсан айында президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

2019 жылдың 22 шілдесіндегі президент жарлығымен Аида Балаева ҚР президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде