{metadescription}
Демалыс күндері 15 адам суға батып өлді

Демалыс күндері 15 адам суға батып өлді

Қазақстанда өткен демалыс күндері 20-21 шілдеде су айдындарында 15 адам, оның ішінде 2 бала қаза болған. 

12 адам, оның ішінде 2 бала суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған. Ал  екеуі балық аулау кезінде батып кеткен. Ал біреуі гидроциклде сырғанау кезінде суға ағып кеткен.

«Осы демалыс күндері 20-21 шілде аралығында ТЖД бөлімшелері 452 алдын алу тобын құрды. Олар 563 рейд жүргізді, 18 711 жаднама таратты. Бұл ретте 15 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар. Демалыс кезінде балалардың су қоймаларына, суару арықтарына және каналдарға жақын болуына ата-аналардың жауапкершілік танытуына ерекше назар аударғымыз келеді», – дейді ТЖ комитетінің баспасөз қызметі. 

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Демалыс орындарында су айдынында болған кезде: алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға кіруге және шомылуға,  суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге; тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге; жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан әрі жүзуге; жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; кемелерге жақындауға; су қоймаларын ластауға және оларға қоқыс лақтыруға; жағада және киім шешетін орындарда демалушыларға жарақат келтіруі мүмкін қоқыстарды қалдыруға; жалған дабыл айқайларын беруге; техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілуге; балаларға ересек адамдарсыз суға кіруге; шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеуге ескерту жариялады.   

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде