{metadescription}
Оралда мейрамхана өртенді

Оралда мейрамхана өртенді

Орал қаласында «Дорожный» мейрамханасы өртенді.

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқыс оқиға бүгін сағат 09.35-те Ә.Молдағұлова көшесіндегі 2-ғимаратта орын алды. Бір қабатты ғимараттың (жалпы ауданы – 360 шаршы метр) жапсарлас бөлігінде, яғни моншасында ағаш жақтаулар жанған. Жалын 30 шаршы метрді шарпыды.

Өрт сағат сағат 10.09-да оқшауланып, 10.42-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 13 адам, 5 техника жұмылдырылды. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде