{metadescription}
Қарғысты жоямын деп оралдықтардың ақшаларын сыпырып алған

Қарғысты жоямын деп оралдықтардың ақшаларын сыпырып алған

Екі әйел және бір ер адам пәтерлерді аралап, өздерінің бал сатып жүргендерін айтқан.

Орал қалалық полиция Басқармасының басшысы Нұрлан Бисеновтың айтуынша, 19 шілдеде Орал қаласы мен Зашаған ауылының тұрғындары алаяқтарға алданып қалғанын айтып, полицияға жүгінген. 

«Екі әйел мен бір ер адам пәтерлерді аралап бал сататындарын айтқан. Сөйтіп үлкен кісілер мен жалғызбасты адамдарға бойындағы қарғысын шешіп беремін деп алдаған. Сөйтіп олардың басын айналдырып, алтын мен ақшаларын алып алған. Олар 23 және 35 жастағы әйел. Ал ер адам 36 жаста. Үшеуі де сыған. Олардан 20 бағалы бұйым мен 200 мың теңге қайтарылып алынды. Әйелдің бірі бұдан бұрын да сотталған. Ол Орал қаласындағы уақытша қамау изоляторына отырғызылды», – дейді Нұрлан Бисенов.

Қазіргі уақытта олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.  

Дереккөз: stan.kz

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде