{metadescription}
Полковник пен майор пара алғаны үшін ұсталды  

Полковник пен майор пара алғаны үшін ұсталды  

Түрме бастығының міндетін атқарушы мен апаттан құтқару мекемесінің жетекшісі пара алған.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі шендіге қатысты тергеуді бастады. Біреуі өз кінәсін мойындады. Ресми мәліметке сәйкес, Павлодар облысында түрме бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры пара алғаны анықталды.

Ол сотталған азаматпен бірге жекеменшік компания директорынан 250 мың теңге көлемінде пара алып отырған. Сол үшін сотталғандармен еңбек шарттарын жасауға рұқсат берген.

"Күдікті өз кінәсін мойындады және процессуалды келісім жасауға өтініш берді. Тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады", - дейді агенттіктің мамандары.

Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысында "Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің апаттан құтқару және өрт сөндіру қызметі" мемлекеттік мекемесінің жетекшісі, азаматтық қорғаныс полковнигі пара алды деген күдікке ілінді. Ол мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойғаны үшін жекеменшік компания басшысынан 1 200 доллар алды деп айыпталып отыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.