{metadescription}
Ақтөбе облысында зейнеткер мәйітпен бірге бір пәтерде тұрған

Ақтөбе облысында зейнеткер мәйітпен бірге бір пәтерде тұрған

Алға ауданында тұрған марқұмның денесі аптап ыстықта, құрбысының үйінде жатқан.

Үшінші күн өткеннен кейін ғана пәтер иесі балконға шығып, көмекке шақырған. Зейнеткер Антонина Власова 5 қабатта тұрады. Ол кісінің денсаулығы нашар, пәтерде жүріп-тұру қиынға соққандықтан, оған құрбысы Марина Ротарь қараған. Соңғы жылдары екеуі бірге тұрған. 

14 шілде күні Марина Ротарь қайтыс болады, ал зейнеткер мұны ешкімге хабарлай алмайды. Үшінші күні дененің иісі шыға бастағанда пәтер иесі күш-жігерін жинап,  балконнан үйінде мәйіттің жатқанын айтып айқайлайды. 

"Біз көтерілді. Иісі мүңкіп тұрды. Жедел жәрдем шақырдық. Мәйітті алып кетті, бірақ подъезде жаман иіс қалды. Біз СЭС-тің көмегіне жүгіндік, олар зарарсыздандырудың ақылы екенін айтты. Бірақ бәрібір подъезді тазалап шықты. Марина Ротарьді полиция қызметкерлері жерледі. Оның ұлы бар еді. Бірақ ол анасымен араласпайтын. Нұр-Сұлтанда тұрады. Тоня тәтені олар ауруханаға алып кетті", — деді әйелдің Мұрат есімді көршісі.
 

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.