{metadescription}
Алматыда самокат жүргізіп келе жатқан адамды көлік қақты

Алматыда самокат жүргізіп келе жатқан адамды көлік қақты

Алматыда электронды самокатшыны көлік қағып кетті.

Оқиға бүгін Алмалы ауданында Сейфуллин – Шевченко көшелерінің қиылысында болды. Бұл туралы Instagram-дағы Kris.p.almaty парақшасында хабарланды. Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиғаны тергеуге Алмалы аудандық полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе жасағының қызметкерлері кіріскен.

«Самокатты басқарып келе жатқан ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Міндетті түрде сот-медицина сараптамасы тағайындалады. Алынған дене жарақатының ауырлығы анықталады», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.